Өсиет сөздер

Дін, иман туралы

Мал - дүниенің опасы, иман-жанның сапасы.
Имансызға - пейіш жоқ, имандының - көңілі тоқ.

Ақыл-ой туралы
Ата-ананың ақылы - қазылған қара жолмен тең,

Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең.


Жақсы мен жаман туралы

Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең,

Жақсының көрген жарығы - анық атқан таңмен тең.


Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең,

Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең.


Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.


Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар.


Білгенін түзу кім етсе - қара басы бимен тең.

Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай,

Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай.

Көкірегіңде қонақ жоқ адамды әуре демей не дейміз.



Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?!

Жаман болса ұлығың - аш-арығы оңалмас.


Қазакеңнің түзулікті һәм түзулік айтқан кісіні ұнатпай, ынтымақ- бірлікке қайырылмай қалшиып қалатындығы - бұрыннан да әркімге мәлім жай емес пе.


Төрт түлік мал туралы
Мал - дүниенің опасы.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.

Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса –
серкесі жоқ қоймен тең,
жақсы ішінде бір жаман –
өлі жүнді таймен тең.

Ағайын-туыс туралы
Талқаныңды жеп қойса - туысқаның жатпен тең.

Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас.

Ар-намыс, ұят туралы

Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар,

Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар.


Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең,

Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең.

Дүние туралы

Баяны жоқ дүниені бір күндік демей не дейміз.

Рас жаман өзін - өзгені қор көрген адам.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сыйласпаған ағайын жатыңменен пара-пар.

Уәдесінде тұрмаса - жақсыға өлім сол болар.

Парақорлық туралы

Парақор болған төрелер - қуаңнан шыққан жұтпен тең,

Шежіре қуған адамның - көкірегі сызған хатпен тең.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Жаттан рақым не күтсін - бастан жаны кеткен ер,

Шуылдаған қарғадай - көшбасшысы өткен ел.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 52 01 44

Е-mail: semeybib@yandex.kz

Web-сайт:www.semeylib.kz