Дәйексөз

  

Дулат жырларының күш-құдіреті оның көркемдік қуаты, мазмұн байлығымен қатар, замана келбетін бар бедерімен көрсете білген шыншылдығында.
(М. Мағауин)
  
Сын сәттерде халқын адастырмай-ақ жолға бастайтын, бағыт беріп, бағдар көрсететін Темірқазық сынды бітімі бөлек, тұғыры тиянақты алып тұлғалар болады. Қазақ үшін осындай өрелілік өлшемі, биіктік мұнарасы - XIX ғасырдың ғажайып өкілі, от тілді, орақ ауызды жыр тұлпары - Дулат Бабатайұлы.
(Қ.Раев)
  
Зар заманның қайғысын зарлап айтпай, зерлеп айтқан Дулаттың «тұнық жыры» - қиыннан қиыстырылып, шебер түзілген ойлы образдар мен айшықты тіркестерді құрайды.
Бауыржан Омарұлы
  
Дуалы ауызды Дулат ақын.
Ханғали Сүйіншәлиев
  
Дулат - қазақтың ұлы ақыны, ұлылықтың бастауы.
Р.Сыздықова
  
Дулат - бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға.
М.Әуезов
  
Дулат - өз ортасында үстем тапқа қарсы, онда да оның бұқара халыққа жасаған зорлық-зомбылығына қарсы бірінші болып тойтарыс берген ақын.
Құлмат Өмірәлиев

Байланыс телефоны: 8 (7222) 52 01 44

Е-mail: semeybib@yandex.kz

Web-сайт:www.semeylib.kz